Қазақстанда белсенді демалыс түрлерін дамыту

Елімізде экологиялық мәдениетті дамытып, таулы аймақтардағы демалыс орындарын жаңғырту үшін «Kazakh Alpine Club» құру қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифинг барысында Алматы өңірінің туристік кластері қауымдастығының мүшесі Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл туризм қызметінің экологияны сақтау мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу мақсатында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұрылыммен бірге белсенді демалу түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, елге туристер ағынының артуына сеп болмақ.  Қазір осы текті клубтар Корея, Жапония және АҚШ елдерінде табысты әрі тиімді жұмыс жасап келеді. Саланың бұл түрін жетілдіру үшін еліміз өзге елдермен тәжірибе алмасып ынтымақтастық құратын болады дейді, спикер.

ТИМУР ДУЙСЕНГАЛИЕВ, АЛМАТЫ ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК КЛАСТЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Қазақстан аумағының көп бөлігін таулы аймақтар алып жатыр. Олар тек Алматы мен Алматы облысында ғана емес сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Тараз бен Шығыс Қазақстандағы Катон-Қарағай. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Сондықтан бұл ұлттық жоба деп санаймыз. Өйткені ол экологиялық мәдениетті қалыптастырып, таулы аймақтарды қорғау мен дамытуды көздейтін бірнеше бағытты қамтиды. Бұған қоса, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ түрлі жетелдік альпен клубтармен ынтымақтасып, саланы заман талабына сай дамытуға септеседі.

 

Фото: tengritravel.kz​