Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары күшейтіліп жатыр

Коронавирус індетінің жаппай таралмауы қамында Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы карантинге жабылды. Бірінші қазаннан бастап Ресеймен шекарада орналасқан Мағжан Жұмабаев ауданында 24 адам қауіпті індетті жұқтырған. Оның 15-і аудан орталығы Булаев қаласының тұрғыны.

Жағдайды ушықтырып алмас үшін қазір қала аумағында 4 блок-бекет орнатылды. Жолаушылар тасымалы түбегейлі тоқтады. Сондай-ақ адамдардың туған-туыстарына қонаққа баруына да тыйым салынды. Ал кәмелет жасына толмағандардың кешкі 7-ден кейін жалғыз жүруіне мүлдем болмайды. 65-тен асқандар оқшаулану режимін ұстануы шарт. Сондай-ақ аумағы 500 шаршы метрден асатын кәсіпкерлік нысандардың жұмысы таңғы 9-дан 16-00-ге дейін қысқартылды.

Еліміздің ірі мегаполистері де сақтық шараларын күшейтті. Мәселен, Шымкент қаласының аумағында да 12 қазаннан бастап 26 қазан аралығында карантиндік шектеу шаралары ұзартылады. Сондай-ақ қатерлі індеттің екінші толқынына дайындық аясында Елорда мен Алматы қалаларында карантиндік тәртіпті қадағалау күшейтілді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: inform.kz


×