ПТР-тесті жоқ екі шетелдік елден депортацияланды

ПТР-тесті жоқ екі шетелдік елден депортацияланды

Қазақстанға келген екі шетелдік COVID-19 вирусына қатысты қосымша шектеу шараларының талаптарын орындамағаны үшін ел аумағынан депортацияланды. Бұл туралы елорда әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған қоса, коронавирусқа шалдықпағаны туралы анықтамасы жоқ 123 қазақстандық карантиндік госпитальге орналастырылып, оқшауланды. Еске салсақ, жаңа ережеге сәйкес, халықаралық рейстердің барлық жолаушыларында COVID-19-ға тесті болуы міндетті. Бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы шетелден бес жүзден аса жолаушыны қабылдаған.

ЗАРИНА БУЕНБАЕВА, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 - Түркия мен Беларусиядан келген 2 азамат депортацияланды.   Себебі, жолаушылардың бірінде ПТР тест анализінің мерзімі ескірген. Екінші жолаушыда экспресс тест анықтамасы ғана болған. Ал жолаушылар ҚР мемлекеттік шекарасынан өту кезінде 72 сағатта кем емес уақытта ПТР әдісімен ковид-19 сынағынан өткен анықтаманы көрсетуі қажет.

 

Фото: esquire.kz


×