Абайдың мүсіні тасқа қашалмақ

Қарқаралы шеберлері ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына тарту әзірлеп жатыр. Манарбек Кәрім Қорғантас тауынан әкелген салмағы 3 тоннадан асатын тасқа ойшылдың алып тұлғасын қашап салмақшы. Кейін тас мүсін ақынның туған жері Жидебайға жіберіледі. Айта кетейік,  бұл – шебердің екінші жұмысы. Мүсіншінің алғашқы еңбегі Қарқаралыдағы Абай тоқтаған көк үйдің алдына қойылған болатын. Келешекте Манарбек Кәрім Алаш Арыстарының мүсінін жасап шығуды да жоспарлап отыр.

МАНАРБЕК КӘРІМ, ШЕБЕР:

 - Аса ауыр болған жоқ. Өйткені кішкене қолымыз жаттығып қалған. Мелмен бір кескіндеп алып, содан қашаумен ұрып, бейнесін келтіріп аламыз, содан кейін заманауи балгарканың көмегімен кескіндеп жатырмыз енді. 

 

Фото: ainews.kz