Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынды. Сонымен қатар,  бұл квазимемлекеттік секторға да қатысты. Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық акт туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау және басқаларын реттейді.

 

Фото: inbusiness.kz