Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы жарық көрді

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Абай аманаты» атты мақаласы жарық көрді. Онда Нұрсұлтан Назарбаев ұлы ойшылдың өмір жолына, қазақ қоғамындағы рөліне тоқталып, оның арман-мұраты бүгінгі заманда қаншалықты ақиқатқа айналғанын саралаған. Сондай-ақ, Абай әлемін тану жолындағы талпыныстарды сөз еткен.

Сонымен қатар, автор Ұлы Абайдың 175 жылдығы биыл адамзатқа қатер төндіріп, коронавирус індеті жайлаған уақытпен тұспа-тұс келгенін атап өтеді. Және де «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің?» деп Абайдың сөзіне жүгінеді. Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істеріңізден нақты көрініс табатынына сенім білдіретіні айтып, мақаласын аяқтаған.