Маңғыстау облысының мектеп оқушылары ежелгі акуланың тістерін тапты

Ежелгі акуланың тістерін Маңғыстау облысының мектеп оқушылары тапты. Олар бұл жаңалықты «Тұзбайыр» деп аталатын аймаққа саяхат кезінде ашты. Бұл аймақтағы миллиондаған жылдар бойы су астында болған тұзды саз. Бүгінгі таңда аталған жерден ежелгі Тетис мұхитынан теңіз қалдықтарын таба аласыз.

ЖАҢАГҮЛ ҚАРАСАЙҚЫЗЫ, ТУРИСТІК ҮЙІРМЕНІҢ МҮШЕСІ:

- Тұзбайырға ең алғаш барған кезде ол жер тұз ба әлде мұз ба деп қатты таң қалдық. Және де экспедициямыздың ең керемет жаңалығы акула тісінің табылуы болды. Жалпы экспедиция 3 кезеңнен тұрады. Дайындық, далалық және өңдеу кезеңі.

Мектептегі туристік клубтың мүшелері құнды олжадан шабыт алып, енді Бозжыра шатқалына экспедицияға дайындалып жатыр. Айта кетейік, олар бүгінде тауларға серуендеп, Булыойық үңгіріне түскен, сондай-ақ жұмбақ көлді зерттеуге қатысқан.

ГҮЛСІМ НӘДІРОВА, ТУРИСТІК ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ауылдық жерде қосымша біліммен аз қамтылған балалардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізе отырып, туған жерін сүйетін, зерттейтін дарынды шәкірттерді тәрбиелеу. Ғылыми-республикалық жарыстарға өз жобаларын ұсынып, бірнеше мәрте алтын медаль игерлері болды менің командамның оқушылары.

 

Фото: nat-geo.ru


×