Интернет-алаяқтардың белсенділігі артуда

Киберқауіпсіздік саласындағы мамандар дабыл қағуда. Қазақстанда өздерін банк қызметкерімін деп таныстыратын алаяқтар көбейді. Сонымен қатар, шабуылдаушылар қашықтан электронды поштаға, әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге және телефонға хабарлама жіберіп әрекет етуде. Халық арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес еліміздің әрібір үшінші тұрғыны, яғни 31 проценті  қаржы мекемелерінің атынан әрекет ететін алаяқтарға тап болған. Көбінесе, мамандардың пікірінше, олар қоңырау шалып, телефонға хабарлама жібереді. Сонымен қатар, әрбір екінші қоңырау дүйсенбіден бейсенбіге дейін жұмыс уақытында түскен. Шабуылшылар алдын-ала қажетті ақпаратты жинап, әлеуметтік инженерия әдістерін белсенді қолданады.

ЕВГЕНИЙ ПИТОЛИН, АНТИВИРУСТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖАСАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Орташа алғанда, бір қазақстандық алаяқтардан осындай бір жағдайда 12 мың теңгеге дейін жоғалтады. Мұндай адамдардың торына қалай түспеуге болады? Шын мәнінде, бұл өте оңай. Біріншіден, егер сізге бейтаныс адам қоңырау шалса, сіз қандай да бір күмәнді сценарийлерге тап болмау үшін ұсынысын мұқият тыңдап алғаныңыз жөн. Сондай-ақ, сіз өзіңіздің кибер сауаттылық деңгейіңізді көтеріп, алаяқтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жазылғандарды бақылап отыруыңыз керек, «тегін» ұсыныстардың кез-келген түріне қызықпауыңыз керек. Сонымен қатар телефоныңызда қоңырау шалушы номерін анықтайтын бағдарлама және алаяқ екенін анықтайтын бағдарламалар болғаны дұрыс.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: yakutia-daily.ru