Шетелден келген қазақстандықтар карантиндік стационарларға жатқызылды

Алғашқы халықаралық рейстер жаңа санитарлық талаптарды ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыға келуде. Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, бүгін түнде елорда әуежайына Түркиядан 4 рейс қонды. 478 жолаушының 170-інде COVID-19 қарсы ПТР анықтамасы болмаған, сондықтан олардың барлығы ПТР анализінен өту үшін карантиндік ауруханаға екі күнге орналастырылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының әуежайы Түркиядан, Оңтүстік Кореядан және Беларуссиядан 8 рейс қабылдады. Жалпы 797 жолаушы келді, оның ішінде 230 адамда ПТР анықтамасы жоқ, олар да стационарларға жатқызылды.

Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, шетелдік азаматтардың барлығында COVID-19 қарсы ПТР анықтамасы болған. Сондықтан олардың ешқайсысы депортацияланбады.

 

Фото: coronavirus2020.kz