Қоқиқаздардың алғашқы тобы ұшып келді

Ақтауға қоқиқаздардың алғашқы легі ұшып келді. Мамандардың айтуынша, әдетте өңірге қараша айында жететін экзотикалық құстар биыл ерте келіпті. Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. Ақтауда 1-2 апта аялдап, күн райы суытқан соң Иран, Біріккен араб Әмірліктері мен Үндістан жаққа ұшып кетеді. Жалпы жыл сайын Ақтауға қызыл түстес, ірі денелі қоқиқаздардың 10 мыңға жуығы аялдайды екен. Ал, оның жүзге жуығы қорықты қыстап шығады.

 

Фото: islam.kz