Қазақстандықтар «Мұғаліміңді құттықта!» акциясына қатысуда

Қазақстандықтар «Мұғаліміңді құттықта!» акциясына қатысуда

Жыл сайын 5 қазан күні әлем Дүниежүзілік мұғалімдер күнін атап өтеді. Биылғы мерекеге байланысты іс-шаралар легі онлайн форматта өтетіндіктен, ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды «Мұғаліміңді құттықта!» акциясына қатысуға шақыруда.

Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі - кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағының айқын көрсеткіші. Ұстаздарға білім беру мен тәрбиелеу ісіне қосқан өлшеусіз үлестері және кәсіпке деген адалдықтары үшін алғыс білдіру маңызды. Сондықтан еліміздің Білім және ғылым министрлігі ұстаздарға алғыс білдіру акциясын ұйымдастыру туралы бастама көтерген. Атап айтқанда, барлық ниет білдірушілерге құттықтауда әлеуметтік желіге видео форматта жүктеуді ұсынады. Тағы бір ескерерлік жайт, құттықтауды #Ұстазыма_Мың_Алғыс #Спасибо_Вам_Учитель хештегтерін пайдалана отырып жариялау керек. Осылайша, ұйымдастырушылар акция қатысушыларының құттықтауын оңай іздеп таба алады. Ал ең сапалы әрі ерекше құттықтаулар Білім және ғылым министрлігінің Instagram парақшасында жарияланатын болады.  

Авторы: Ақзер Сегізбай

 

Фото: tengrinews.kz