Стокгольмде әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай туралы дәріс өтті

Стокгольмде әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай туралы дәріс өтті

«Көне түркі тілі мен жазуы». Дәл осы тақырыпта көрнекті ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Стокгольмде Қазақстан Елшілігінде Уппсала университетінің профессоры Ласло Кароли дәріс оқыды. Ол Швецияның басқа қалаларындағы студенттер мен ғылыми жұмысшылар үшін онлайн режимінде таратылды. Скандинавия еліндегі швед және қазақстандық жастар негізін құраған аудитория көне түркі тарихы мен мәдениеті, тілдің ерекшеліктері және түркі халықтарының жазулары туралы өз білімдерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.

Дәріс барысында әл-Фараби философиясының түркі негіздері қозғалды. Сонымен қатар, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі және Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркі академиясының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, түркі әлемін зерттеуші еуропалық ғалымдар арасында өзара іс-қимылды тереңдетудің болашағы талқыланды.

Айта кетейік, іс-шараның ұйымдастыруына ҚР-ның Құрметті консулы, ғылым докторы Вадим Кесслер және Швециядағы Қазақстан жастарының қауымдастығы қатысты.

Мажарстан мен Германияның танымал ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істеген Ласло Кароли Уппсала университетінің лингвистика және филология факультетінің деканы және профессоры, сондай-ақ көне түркі руналық жазбалар саласында халықаралық танылған сарапшы болып табылады. Ол – 5 кітап пен 30-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

 

Фото: egemen.kz


×