Қазақстанның төрт облысында құс тұмауы тоқтады

Қазақстанның төрт облысында құс тұмауы тоқтады

Елді дүрліктірген құс тұмауының қарқыны бәсеңдеді. Еліміздің 4 облысында құстардың індеттен қырылу жағдайы тоқтады. Бұл жөнінде ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау департаментінің басшысы міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді.

«Тәулік бойынша көрсеткіштер құс өлімі қарқынының төмендегенін көрсетіп отыр. Мәселен, соңғы тәулікте Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында құс тұмауынан құстардың қырылу жағдайы тоқтады. Сонымен қатар, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында да бұл көрсеткіш азайып келеді», - деді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау департаментінің басшысы міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов.

Оның айтуынша жалпы, құс өлімі Қазақстанның 7 облысының 41 ауданының 99 елдімекенінде тіркелген. Жеке аулаларда 23 854 құс қырылған. Ал екі құс фабрикасындағы өлген құстың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов


Фото: inform.kz