Сайрам-Өгем ұлттық паркі табиғатының бірегейлігі туризмнің бірнеше бағытын дамытуға мүмкіндік береді

Сайрам-Өгем ұлттық паркі табиғатының бірегейлігі туризмнің бірнеше бағытын дамытуға мүмкіндік береді

Жеті табиғи аймақ, бір жарым мыңға жуық өсімдік түрлері, сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген көптеген жануарлар, таулардың қарлы-ақ шыңдары, толып жатқан өзендер, сарқырамалар, мұзды кристалды суы бар тау көлдері. Мұның барлығы – Оңтүстік Қазақстан өлкесінде орналасқан Сайрам-Өгем мемлекеттік қорығындағы таңғажайып әдемілік. Бұл аймақтың ерекше ландшафты жыл сайын әлемнің мыңдаған туристерін өзіне тартады.

«Біз күн сайын туристермен жұмыс істейміз. Біздің қорық аумағында 12 бекет, алты көл және 11 туристік маршрут бар. Туризм бөлімінде бізде 6 адам жұмыс істейді, қажет болған жағдайда бізде шет тілдерін білетін мамандар бар. Бірақ әдетте туристер аудармашыларымен келеді. Биыл пандемияға байланысты туристер саны аз болды, әдетте бізге Қазақстанның аймақтарынан ғана емес, Германия, Франция, Ресей сияқты елдерден де туристер арнайы келеді»,- дейді экскурсия жетекшісі Ахат Тастанбеков.

Ұлттық парктің аумағы түрлі қолжетімділік режиміне сай үш аймаққа бөлінген: қорықтық режим, туристік және рекреациялық. Біріншісінде қонақтарға арналған әдемі ағаш үйлер салынған. Мұнда келушілердің жайлылығы үшін асхана, бассейн, спорт алаңдары және монша бар. Алайда қорғалатын аймаққа кіру шектелген. Онда тек арнайы салынған туристік жолдармен және таулы аймақ үшін көлікпен жүре аласыз. Сонымен қатар, биыл БҰҰ ДБ-ның қаржылай қолдауымен мұнда тағы үш туристік маршрут салу жоспарлануда. Айта кету керек, ұлттық парктің аумағы альпинистерді де қызықтырады. Жыл сайын көктемнің басынан күздің аяғына дейін мұнда тау шыңдарын бағындыруға әуесқойлар арнайы келеді.

«Біздің аудан бірегей. мұнда Ресейден және алыс шетелден туристер арнайы келеді. Біздің аймақтың бірегейлігі соншалық, мұнда альпинизм тұрғысынан керектің барлығы бар. Туризм тұрғысынан кеңес дәуірінен қалған көптеген маршруттар бар. Жүре беруге болады. Жалпы әлеуеті зор аймақ», - дейді шымкенттік альпинист Степан.

Сонымен қатар, қорықтың аумағы тарихи құндылыққа ие. Бұл жерден жартастағы суреттер - петроглифтер, ғибадат ғимараттары, қоныстар мен әртүрлі тарихи дәуірлердің жерлеу орындары табылған. Мәдени-тарихи ескерткіштердің барлығы жеткілікті зерттелмеген және әлі де археологтар мен ғалымдардың мұқият зерттеуін талап етеді. Ғалымдар өз кезегінде мұндай сапарларға қызығушылық танытып отыр.

Авторы: Ақзер Сегізбай

 

Фото: visitkazakhstan.kz


×