Экологтар қазақстандықтарды медициналық маскаларды көшеге тастамауға шақырады

Экологтар қазақстандықтарды медициналық маскаларды көшеге тастамауға  шақырады

Қазақстанның экологтары дабыл қағуда: тұрғындар қоқысты сұрыптамауды жаман әдетке айналдырған. Қатерлі індеттен сақтану қамында қолданылған жеке қорғаныс заттарын тұрмыстық қалдықтармен бірге тастайды. Бір реттік медициналық бетперделер мен қолғаптар көшелерде шашылып жатады. Олар өте ұзақ уақыт ыдырап қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретінін ойлайтын адамдар шамалы, дейді мамандар.

«Бұның бәрі біздің азаматтардың эко-мәдениетінің жалпы тазалық мәдениетінің көрсеткіші деп білемін. Бетперделер мен қолғаптарды лақтырып тастаудың кесірі өзіміздің балаларымыздың денсаулығына тиетінін түсінгеніміз жөн. Тазалық мәдениетіне қатыстыты тәрбиені өзімізден бастап, жауапкершілікпен қарау керек», - дейді Қазақстан NUR ALEM павильонының жетекшісі, экобелсенді Әсем Омар

Табиғат сақшылары, еліміздің көптеген ұйымдары арнайы қоқыс жәшіктерін орнатып жатқанын айтады. Кейін ондағы жиналған бар қоқыс санитарлық талаптарға сай жойылатын болады. Сондай-ақ, экологтар медициналық бетперделердің өзге түрлеріне көшуге кеңес береді. Мәселен, бір реттік материалдан жасалған масканы көпреттік маскаға алмастырған дұрыс дейді. Оның зияны қоршаған ортаға әлдеқайда аз, үнемді әрі арзанға түсіп қалтаны қақпайды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz