Қазақ тілі мен мәдениетін әлемге таныту

Қазақ тілі мен мәдениетін әлемге таныту

Тұманды Альбион тұрғындары енді Ұлы Дала елінің мәдениетімен жақын таныса алады. Лондонда қазақ тілінің онлайн-кабинеті ашылды. Бұл –Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі мен «Отандастар» қорының білесе жасаған жұмысың нәтижесі.

«Сонымен қатар, «Отандастар»қоры қазақ тілі курсының екінші семестрі басталғанын хабарлайды. «Отандастар» қоры мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы «Қазақ тілі» онлайн курсының аясында қазірдің өзінде әлемнің 12 елінен мыңға жуық қатысушы қазақ тілін үйреніп жатқанын атап өткен жөн», - деп хабарлады Ұлыбританиядағы елшіліктің баспасөз қызметі. Онлайн-курстың арнайы дәрістерін Қордың YouTube каналынан көруге болады.

Сонымен қатар «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» бірлесе отырып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министірліктері және Омбы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Омбы қаласында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйін ашты.

«Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР Сыртқы істер министрілігі, Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулдығы, «Отандастар қоры» мен «Омбы қазақтары» қоғамдық бірлестігі жетекшілері мен өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қазақ мәдени-іскерлік үйінің жұмыс жоспары таныстырылып, сондай-ақ, Ресейдегі қазақ қауымдастығының мәдени, іскерлік және білім бағыттарындағы жұмыстарын қолдауға арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды»,- деп хабарлайды ҚРАқпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Telegram хабарлады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін «Отандастар қоры» шет елдерде тағы да Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Түркияда 4 «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлерін ашуды жоспарланып отыр.

 

Фото: travel.rambler.ru