«Алтын тобылғы» байқауына өтініштер қабылдануда

«Алтын тобылғы» байқауына өтініштер қабылдануда

Заманауи қазақстандық көркем әдебиетті қолдау, дамыту және насихаттау. Биыл алтыншы мәрте өтетін «Алтын тобылғы» байқауының мақсаты – осы, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі.

Жеңімпаздар «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік драматургиясы», «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы», «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды» номинациялары бойынша анықталады.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тіліндегі шығармалары қабылданады. Атап өтерлігі, бір автор екі номинацияға да қатысуға құқылы. Ал арнайы аталымның жеңімпазы 3 миллион теңге иеленеді.

Өтінімдер пошта арқылы Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан көшесі 1, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2020@fnn.kz электрондық поштасына жолдау қажет. Айта кетейік, байқауға қатысу үшін өтінімдер 1 қарашаға дейін қабылданады.

 

Фото: oner.kz