Қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломы Еуропа елдерінде жарамды

Қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломы Еуропа елдерінде жарамды

Енді қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломы Еуропа елдерінде жарамды болады.  Келер жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңартылған қосымшалары бар диплом беріледі. Ол қосымшада елімізде алған жоғары білім біліктілігі еуропалық санатпен сәйкес екені міндетті түрде көрсетіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бұл шетелдік азаматтар тарапынан қазақстандық жоғары білімге деген қызығушылықты арттырады.

«Бұл Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін Болон процесінің хатшылығы қабылдау тұрғысынан қолжетімді болып отыр. Басқа сөзбен айтқанда енді еліміздегі жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды»,- делінген ҚР БҒМ хабарламасында. 

Айта кетейік, есепті дайындау үшін Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына ҚР БҒМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері кірді.

«Өзін-өзі сертификаттау бойынша есеп Жоғары білім беру үшін ұлттық біліктілік шеңберінің Еуропалық жоғары білім беру кеңістігімен (ҚР ЕЖБК) үйлесімділігі мен салыстырмалылығын көрсетті»,- деп хабарлайды министрлік.

Сарапшылардың айтуынша, бұл Қазақстанның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі ұлттық жүйенің еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің білім беру жүйелерімен сәтті үйлесімділігінің айқын дәлелі.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: inform.kz


×