Әл-Фарабидің туған жерінде ғұламаның ескерткіші мен аллеясы қайта жаңғыртылып жатыр

Әл-Фарабидің туған жерінде ғұламаның ескерткіші мен аллеясы қайта жаңғыртылып жатыр

Биыл Қазақстан әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ғұлама ғалымның еңбектерін халыққа кеңінен насихаттау мақсатында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде әртүрлі форматтағы онлайн іс-шаралар өткізіліп жатыр. Әл-Фарабидің туған жері Отырар ауданында да игі істер жалғасуда.

«Бүкіл әлемге әйгілі ұлы ойшылдың 1150 жылдығы биыл кең ауқымда атап өтілуі тиіс болатын. Алайда жер-жаһанды жаулаған қауіпті індетке байланысты жоспар өзгерді. Осыған орай «Даңқты балалар» аллеясы әл-Фарабиге арналған аллея болатын. Енді 1150 жылдыққа байланысты биыл жаңғыртайық, жаңа леп берейік дедік. Себебі осыдан 18 жыл бұрын салынған дүние қазіргі құрылыс материалдары мен жаңа мүмкіндіктер арқылы жаңарып отыр. Әл-Фараби атындағы «Руханият» мұражайы да ойшылдың 1150 жылдығына арналған. Бабамыздың ескерткіші тозған болатын. Жаңғыртып, жаңаша көрсетсек деген оймен осы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз», - деді  Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісов.  

Сонымен қатар, мерейтойға орай  аудан орталығына кіреберісте «Домбыра мен Қобыз» монументі бой көтерді.

«Жоба құны – 85 миллион теңге. Ауданға келген қонақтар алдымен осы жерге аялдап, өңірдегі тарихи орындар мен киелі жерлердің картасымен танысады. Қазір аудан орталығындағы көшелердің жиегіне аяқжолдар төселіп, абаттандыру жұмыстары жалғасуда», -  дейді Отырар аудандық тұрғын үй бөлімінің бас маманы Сержан Абанов.

 

Фото: 24.kz