Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

Қоршаған ортаны аялап, киелі мекендерді сақтап қалу. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының көздеген мақсаты осы.

«Қаралып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты - туризм объектілерін, ерекше маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған, мақсаты бойынша пайдаланбаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Заң жобасымен Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр», - деді сенатор Әбдәлі Нұралиев.

Заң жобасын қабылдау арқылы аталған мәселелерді шешумен қатар: ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар әрі кері қайтарылатын жер учаскелерінде орналасқан табиғи кешендерді және табиғи-қорық объектілерін сақтау, экологиялық туризмді дамыту мен табиғат қорғау мекемелерінің өз қаражатын ұлғайту мәселелері шешімін табады деп межеленген.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: azh.kz