Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады

Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады

Қазақстандықтар 2021 жылдан бастап зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін баспана сатып алуға, емделуге мезгілінен бұрын жарата алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Кімдер, қандай жағдайда жинағының бір бөлігін ала алады? Ол үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында:

30 жас аралығындағы азаматтарда 2,5 млн;

35-тегілерде 3 млн;

40 жастағыларда 3,5 млн;

45 жастағыларда 4 млн;

50 жастағыларда 4,5 млн;

55 жастағыларда 5 млн;

59 және одан жоғары жастағыларда 5,5 млн теңге болу керек.

Алдын ала мәліметтер бойынша республикада зейнетақы жинақтарын алу критерийлеріне сай келетін 530 мыңға жуық қазақстандық бар.

Сонымен қатар, ведомство адамдар өздеріне, жұбайына және жақын туыстарының қажеттіліктері үшін ақша ала алатындығын да түсіндірді.

«Бұл жерде тұрғын үйді немесе жер учаскесін сатып алуға болады. Оның ішінде тек қана бастапқы жаңа үй ғана емес, ол қайталама нарықтағы, екінші нарық дейміз, сол жердегі үйді де сатып алуға болады. Бұл ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеуге жұмсауға болады. Ол кез келген екінші деңгейдегі банк, кез келген бағдарламамен алынған ипотекаға тарайды. Өзінің тұрғын үйін салу, жаңарту немесе кеңейту мүмкіндігі де қарастырылады»,- деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

 

Фото: internationalwealth.info