Өскеменде Абайтану институты ашылды

Өскеменде Абайтану институты ашылды

Өскемендегі іргелі оқу орындарының бірінде Абайтану институты ашылды. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған шараның мақсаты - Абай әлемін дәріптеу,түрлі әдістерді ұсыну. Ақынды тануға талпынған адам бұл жерден құрқол қайтпайды. Әсіресе ұстаздар қауымы үшін  жаңа әдістемелер көп. Тіпті дәл осы институттың ғылыми ұжымы құраған «Абайтану курсын» қазір мектеп оқушылары қолданып жатыр.

«Институттың ашылуына үлкен дайындықпен келдік, бізде ғылыми әдістемелік қорымыз, еңбектеріміз барлығы жетеді. Баршылық. Бүкіл Шығыс Қазақстан облысына біз бірден-бір ғылыми методикалық кеңес бере аламыз және республикалық деңгейде басқа да Абайтану орталықтарымен бірге жұмыс істейтін боламыз», - дейді  Абайтану ғылыми зерттеу институтының директоры Айжан Картаева.

Зерттеу институтының ашылу салтанатында «Әліппелер көрмесі» де ашылды. Онда 63 елдің алғашқы  оқулығы қойылыпты. Бұл осы оқу орнының қарт ұстазы Фёдор Головановтан қалған мұра. Тіл мамандарының айтуынша бұл әліппелер әр тілде болғанымен, мақсаты ортақ.

 

Фото: 24.kz