Қазақстанның университеттері мен қолледждерінде миллионнан астам студент жаңа оқу жылын бастады

Қазақстанның университеттері мен қолледждерінде миллионнан астам студент жаңа оқу жылын бастады

Қазақстандық студенттер жаңа оқу жылын бастады. Бірақ бәрі бірдей аудиторияларда оқып жатқан жоқ. Бірқатары білімін қашықтан толықтырып жатыр. Бұл әр аймақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты. Орта кәсіптік және жоғарғы оқу орындарына бүгінгі ахуалға бейімделіп, тез арада онлайн форматқа көшу керек болды.

«Қазақстанныңмемлекеттік зан университетінің студенттері үшін бұл таңсық жағдай емес. Қашықтан оқу бойынша тәжірибеміз бар. Ол үшін арнайы оқыту тұғырнамасы құрылды. Сондықтан біз төтенше жағдайға дайын болдық. Бұл тұғырнама америкалық компанияның өнімі. Оны құрастырушылардың әлем бойынша 4 мыңға тарта серіктесі бар. Біз оны арнайы зерттеп көрдік. Саралау жұмыстарының нәтижесінде сынақтан мүдірмеген тұғырнама заманауи ЖОО сапалы білім беруге лайықты әрі ең қолайлы деп танылды», - дейді М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ ресми өкілі Нәзерке Есеналиева.

Мамандықтар жайында айтар болсақ, биыл да құқықтану бағытын таңдаған талапкерлердің саны басым. Халықаралық қатынастар мен туризм саласының маманы боламын деушілердің де қарасы қалың. Сондай-ақ,  биылғы жастардың таңдауы өзге де заманауи мамандықтарға түсіп жатқан көрінеді.

«Мен UIB – University International Business оқу орнына түстім. Сандық экономикадағы маркетингтің қыр-сырын меңгеруге бел будым. Екінші семестрдің басына дейін оқу қашықтан жүргізіледі. Біздің оқуымыз келесі аптада басталады. Сондықтан жаңа оқу жүйесі жөнінде айта алмаймын. Дегенмен оқу орнына барып, оқутушылардан тікелей тапсырма алып, оқыған дұрыс деп санаймын», - дейді бірінші курс студенті Альбина Советбекова.

Еске салайық, Қазақстандағы колледждерде 466 мың, ал ЖОО 600 мыңнан астам студент оқиды. Биыл студенттер үшін 53 мыңнан астам оқу гранты бөлінді.

 

Фото: rg.ru