Жолдау 2020: дәрігерлерге арналған әлеуметтік төлемдер мен жалақы көлемі ұлғаяды

Жолдау 2020: дәрігерлерге арналған әлеуметтік төлемдер мен жалақы көлемі ұлғаяды

Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа дәстүрлі Жолдауында мәлімдеді.

«Үкімет нақты шектеулер мен бейінді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттеме орындалады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлініп отыр», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы коронавируспен күрес шараларына атсалысып жүрген дәрігерлерге үстемеақы төлеу үшін қосымша қаржы бөлуді тапсырды.

«Жақын арада бюджетті нақтылау кезінде медицина қызметкерлеріне екінші жарты жылдықта ынталандыру үстемеақы төлеу үшін қосымша 150 миллиард теңгені бөліп беруді тапсырамын. Біз мұны дағдарыс жағдайында істеп жатырмыз. Осыны жүйелі түрде жүзеге асыру қажет»,- деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, үш жылдан кейін медицина қызметкерлерінің еңбекақысы айтарлықтай өседі. 

«2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады», - деп атап көрсетті Тоқаев.

Президент өз жолдауында мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы да айтты. Бұл үшін алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 процентке артады. Осылайша ұстаздардың еңбекақысы екі есеге көбейеді.

Қазақстан Президенті Жолдауының толық мәтіні

 

Фото: azh.kz