Нұр-Сұлтанда күн сәулесінен қуат алатын мешіт ашылуға дайын

Нұр-Сұлтанда күн сәулесінен қуат алатын мешіт ашылуға дайын

Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз эко-мешіт жаамағатты қабылдауға дайындық үстінде. Халық арасында «Алланың гүлі» аталып кеткен діни ғимарат өзге мешіттерден сәулеттік формасымен ғана емес, сонымен қатар заманауи «жасыл» технологияларды қолданумен де ерекшеленеді. Мешіт толығымен күн сәулесімен жабдықталған. Олар коммуналдық шығындарды азайтып, мешіттің күтімін едәуір жеңілдетеді.

 
«Өндірілген энергияны толығымен мешітті күтіп-ұстау, аумақты жарықтандыруға пайдаланамыз. Ал артылған энергияны келісім бойынша «Астанаэнергосбытқа» таратамыз. Осында замануи құрылғымен жабдықталған мешіттер мен нысандар саны көп болғанын қалаймын», - дейді,  Ырыскелді мешітінің бас имамы Яхия қажы Абдуллаұлы.
 
Айта кетейік, құлшылық етуші әрбір жанға мешіттің есігі ашық. Бірақ сақтық шаралары ретінде бұқаралық іс-шаралар мен жұма намазы өткізілмейді.

 

Фото: 24.kz 


×