1 қыркүйек – Білім күні

1 қыркүйек – Білім күні

Бүгін елімізде жаңа оқу жылы басталады. Өзіндік ерешеліктер жайында ел құлағдар. Мысалы, 2 млн 600 мың бала қашықтан оқиды. Яғни оқушылардың 80 проценті онлайн форматта білім алады. Мектептер 8 интернет платформаның бірін таңдап, сол бойынша сабақ жүргізеді. Ал оған қосылуға мүмкіндігі жоқтар телесабақ арқылы оқиды.

«Еларна» және «Балапан» арналары білім бағдарламасына 9 сағат эфирін арнайды. Ал бастауыштың 530 мың оқушысы кезекші кластарға барады. Эпидемиологиялық ахуалы тұрақты ауылдардағы шағын жинақталған мектептер дәстүрлі білім береді. Яғни 2020 мың бала мектеп партасына отырады. Бір кабинетте 15 оқушыдан артық отыруға болмайды. Әлеуметттік арақашықтық сақталуы тиіс. Ел бойынша 350 мың мұғалім қашықтан оқыту әдісін меңгеру үшін арнайы курс оқыған. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балаларына уақытша пайдалануға компьютер берілді. Барлығы 500 мың оқушы компьютермен қамтамасыз етілді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-  Әрине мен өзімнің әріптестеріме ризашылығымды білдіріп жатырмын. Өйткені жазда, каникул болса да бірнеше курстардан өтіп жатыр. Біз дайындаған 2 курс бар, соған қоса өздері де басқа да курстарға барып, қатысып, бірнеше сертификат алып, осындай үлкен жұмыс жасап жатыр. Бұл үлкен талпыныс деп ойлаймын. Жалпы қалай қиын босла да білім жүйесі үшін қиындық туғызса да жақсы өзгеріс болады деп қарауымыз керек.

 

Фото: inform.kz