Шетелдік аграршылар қазақстандық сояның жаңа сұрпына қызығушылық танытты

Шетелдік аграршылар қазақстандық сояның жаңа сұрпына қызығушылық танытты

Дақылды шашау шығармай жинап, селекциялық тұқым қорын алу. Ғалымдар осы бағытта 5 жыл еңбек етіп, жаңа сұрыптар шығарды. Тұқымдар Шығыс Қазақстанның климатына өте қолайлы ерте пісіп жетілуімен ерекшеленеді. Жақында сояның жаңа сорттары селекциялық жетістіктердің мемлекеттік реестіріне енгізіледі. Ғалымдар ұзақ уақыт тынымсыз еңбегінің жемісін көруде. Биыл соя жинау науқаны майлы дақылдар фермасында ерте басталды.

«Біз алған сұрыптың барлығы да өте жоғары технологиялы. Бұршақтары биікке бекіген. Барлық жағынан қарасаң да сапасы жақсы.Тұқымдары ақуызға бай, 39-41 процентті құрайды»,- дейді  соя селекциясы зертханасының меңгерушісі Наталья Григорчук.

Тұқым селекциясы фермерлер арасында резонанс тудырды. 10 тамызға дейін пісетін - жаңа сорттар термофильді сояны солтүстікте де өсіруге болатындығын нақты көрсетеді. Бүгінгі таңда көршілес Қытай елі егінді сатып алуға дайын. Сондай-ақ, жүгері жеткізіліміне де мүдделі. Шығыс Қазақстанда 2023 жылға қарай осы дақылдардың әрқайсысының егістік алқабын 30 мың гектарға дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды.

«Күнбағыс  егу аумағы негізінен 18 проценттен аспауы керек. Ал бізде кейбір ауданда ол 40 проценттен артық. Сондықтан біз шаруаларға басқа пайдасы көп, тиімділігі мол дақыл түрлеріне ауысуға кеңес береміз. Олардың ішінде әрине соя мен жүгері бар»,- дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазян.

Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, соя тұқымдары жердің құнарлылығын қалпына келтіру қасиетіне ие.

«Соядан кейінгі жерде 120-180 келі азот қалады. Бұл құнарлықты қалыпқа келтіруге үлкен сеп. Ал бұл кем дегенде 100 кг аммиак селитрасы»,-дейді майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығының тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы Юрий Каменев

Сондықтан ол алқапты кейін күздік бидай егуге қолданған дұрыс. Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы да осы мақсатты көздеп отыр.

 

Фото: osoboebludo.com