Қазақстан шетелде оқитын студенттер үшін жедел штаб құрды

Қазақстан шетелде оқитын студенттер үшін жедел штаб құрды

Әлемде коронавирус індетінің таралуына байлнысты шетелдік университеттерде оқитын студенттер тығырыққа тірелді. Мысалы, Қытайда білім алып жатқан жастар жаңа талаптарды орындауы тиіс. Енді оларда университеттен арнайы шақыру қағазы мен оқуға барған кезде COVID-19 инфекциясына шалдықпағанын дәлелдейтін құжаты болуы керек. Жаңа ережелерді Қытайдың Білім және Денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп енгізген.

Сырт мемлекеттерде білім алатын жерлестерге қолдау көрсету мақсатында  ҚР Сыртқы істер министрлігі жанынан арнайы жедел штаб құрылды.

«Көптеген елдерде тұрақты авиациялық және көлік байланысы тоқтатылып, шетелдік азаматтарға кіруге тыйым салынып, карантин режимі сақталуда. Шетелдік оқу орындары шетелдік студенттер үшін қашықтан оқыту форматына көшкен. Осыған байланысты қазақстандық студенттердің жұмыстарын үйлестіру және оларға қажетті көмек көрсету үшін Сыртқы істер министрлігінде Жедел штаб құрылып, оған Орталық аппарат қызметкерлерімен қатар шетелдегі консулдық қызметкерлері де кірді», - деп хабарлайды Ведомствоның баспасөз-хатшылығы.

Консулдық қызметкерлер өздері орналасқан елдердегі әр университетпен байланыс орнатып, шетелдік студенттер үшін ұсынылатын оқу форматын анықтауда. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігінің жанындағы штаб Қазақстанда тіркелген шетелдік елшіліктермен тұрақты байланыста.

«Штаб біздің студенттерге университеттермен байланыс орнатуда, виза рәсімдеуде, белгілі бір елге кіру мен шекарадан өту және т.б. мәселелерде көмек көрсетеді. Студенттер мен олардың ата-аналарынан барлық сұрақтары бойынша ҚР СІМ Жедел штабына хабарласуға болады. Тел:+7(7172) 72-00-46, 72-00-47,72-05-49, электрондық пошта - ccovid19@mfa.kz,- деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствосы.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: azattyq-ruhy.kz