Ринат Малцагов: карантиннің пайдасы мол болды

Ринат Малцагов: карантиннің пайдасы мол болды

Қазақстанда осы аптадан бастап карантин жеңілдетіле бастады. Ұзақ уақыт үзілістен кейін барлық жерде сауда және ойын-сауық орталықтары, сұлулық салондары, кафелер мен мейрамханалар ашылды. «Бұл ел тұрғындарын қуантпай қоймайды. Дегенмен оқшаулау режимі де қажетті шара болды»,- дейді қазақстандық эстрада жұлдызы Ринат Мальцагов. Ол адамдар қалыпты өмірге келгенімен, олардың бұрынғыдай болмайтынына сенімді. Әнші өзінің қажеттіліктен туындаған осы өмір салтына әбден үйреніп кеткенін айтады. Сонымен қатар, ол республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, індеттің екінші толқыны да болуын жоққа шығармайды. Дегенмен, әнші вирус осы жылдың соңында аяқталатынына үмітпен қарайды. Ең бастысы қазір босаңсуға жол бермей, барынша сақтану шараларын естен шығармау керектігін жеткізді ол.

«Карантиннің пайдалы тұстары болғанын да айта кету керек. Оқшаулау режимінің арқасында бір құндылықтарымызды бағалауды үйрендік. Бойымызда пайдалы әдеттер пайда болды. Мүмкін бұл індет біздің ғаламшарымыз үшін, адамзат үшін керек нәрсе болған шығар. Мүмкін дүниежүзіне осындай сілкініс қажет болды ма?! Жылдың соңына қарай инфекция аяқталып, барлығымыз қайтадан қалыпты өмірімізге өзгеше көзқараспен келеміз деп үміттенемін», - дейді Ринат Малцагов.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: gakku.kz