Елордада «Antikor Оrtalygy» сервис орталығы таныстырылды

Елордада «Antikor Оrtalygy» сервис орталығы таныстырылды

Қоғаммен ашық алаңда өзара қарым-қатынас жасау және тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесі – «Antikor Оrtalygy» сервис орталығының алдына осындай міндет қойылып отыр. Ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында жүзеге асырылды. Ұйымдастырушылар мен бастамашылардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық халықпен тікелей байланыс орнатып, шынымен де ашық алаңға айналмақ. Қабырғалары әйнекпен жабдықталған департамент қызметкерлерінің кабинеттері бұл бастамалардың ашықтық пен сенімділікті қамтамасыз ететіне сенім ұялатады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражаттарының жұмсалуын онлайн режимде қоғамдық бақылауға мүмкіндік беретін «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы таныстырылды. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл тәжірибені ақпараттық алаңдарда кеңінен жариялап, басқа мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу қажет.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: avesta-news.kz