Қазақстанда демалыс күндергі шектеу шаралары жалғасады

Қазақстанда демалыс күндергі шектеу шаралары жалғасады

Елімізде 17 тамыздан бастап сауда және ойын-сауық орталықтары, сұлулық салондары, шаштараз және басқа да шағын бизнес нысандары жұмыс істей бастайды. Алайда, коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында шектеу шаралары демалыс күндері сақталады. Яғни, бұл нысандар сенбі және жексенбі күндері жабық болады. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, індеттің тағы өсуін тоқтату үшін локдаун режимі бұл күндері де жалғасады.

«Не себепті демалыс күндері локдаунды сақтаймыз? Бірінші мақсат – қол жеткізілген көрсеткіштердің оңтайлы динамикасын сақтау. Инфекцияның таралуында басты себеп не? Ол - адамдардың қарым-қатынасы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, демалыс күндері адамдардың өзара қарым-қатынасы көбейеді, тұрғындардың сапарға шығуы артады. Ірі нысандардың жұмысын тоқтату арқылы біз аурудың таралуына шектеу қоямыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Айжан Есмағамбетова.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: kursiv.kz​