Жемісті демалыс: америкалық жасөспірім қазақстандық оқушыларға тегін цифрлық курстар ұйымдастырды

Жемісті демалыс: америкалық жасөспірім қазақстандық оқушыларға тегін цифрлық курстар ұйымдастырды

Отандастарға қолдау: Қазақстанда туған америкалық жасөспірім SkillsforLeaders атты тегін оқу бағдарламасын іке қосты. Бағдарлама қауіпті індетпен күрестің алдынғы шебінде жүрген медицина қызметкерлерінің балаларына арналғанымен, оған өзге балақайлар да қатыса алады. Жоба онлайн режимде жұмыс істейді. 16 жастағы Әділжан Назаров отандастарына ХХІ ғасырдың негізгі сандық дағдыларын үйретеді.

«Мен АҚШ-та тұрамын, бірақ Қазақстанда туғанмын. Шыққан тегімді мақтан етемін. Және де Отанымның дамуына аз да болса  үлесімді қосқым келеді. Сонымен қатар, өзім сияқты жасөспірімдермен білім бөлісуді жөн санадым. Өзім бағдарламалаумен айналысамын, өзгелерге де үйреткім келеді», - дейді Әділжан Назаров.

Бастамашыл жігіт курсты тиімді ұйымдастыру үшін кәсіби жаттықтырушылар мен бағдарламашылардың көмегіне жүгінген. Бастапқыда балалар мессенджерлердегі чаттар мен әлеуметтік желілер арқылы жиналды. Осылайша, жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, білімдерін толқытырғысы келген 100 қазақстандық оқушының басы қосылды.

«Интенсивті онлайн-марафон форматындағы курс 7 күнге созылады. Әділжан шараның ұзақтығын оған ерікті түрде көмектескен коучпен ақылдаса отыра анықтап, шешті. Балалардың назарын ұстап тұру ерекшеліктерін ескере отырып, біз апта сайынғы курс өткізуді ұйғардық. Әділжан және оның ұйымдастырушылары Мириам мен Амани, сонымен қатар біздің кәсіби бағдарламашыларымыз бен жаттықтырушыларымыз балалардың ынтасына қатты таңқалды», - дейді Әділжанның анасы Айнұр Ертілесова.

Сонымен, оқушылар күн сайын жаңа білім алып, коучинг сессияларынан өтіп, үй тапсырмаларын орындайды, топта жұмыс істейді және бағалы сыйлықтар үшін жарыс ұйымдастырылады. Курстың соңында олар практикалық цифрлық дағдыларды, яғни лендинг-парақшалар, телеграмм-боттар, графикалық кесікіндемелер, ойындар, html макетін құруды меңгерулері керек. Сонымен қатар, балалар цифрлық қауіпсіздік және қорғаныс, коммуникация негіздерін үйренеді және өздері үшін дұрыс сандық сәйкестендіруді жасайды.

«Курсқа қатысушылар күні бойы бағдарлама құрумен айналысады. Түскі астан соң 2,5 сағаттың ішінде жаттықтырушы олармен тікелей кездесу өткізеді, онда күн сайын жаңа тақырып беріліп, мақсаттар айқындалады. Мотивация, сезім, эмоцияны басқару қабілеті, өзіне сенімділік тұстары үйретіледі. Бұл бөлімде жұмсақ дағдылар бойынша балалар жұптасып жұмыс істейді. «Бадди» қағидасы бойынша екі адам әрқайсысын сәттілікке жеткізу үшін бірігеді. Олар бір-біріне шынайы қолдау көрсетіп, нағыз серіктестер екенін көрсетеді. Осындай жұптардың бірі ағылшын тілін жетілдіру мақсатында ағылшын тілінде жұмыс істеуді ұйғарды»,-дейді Айнұр.

Курстың алғашқы қортындысы ұйымдастырушыларды таңқалдырғаны да рас. Себебі олар мұндай нәтиже күтпеген еді. Алдағы  уақытта бастамашылар осындай тегін марафонды Қазақстандағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін, сонымен қатар, жетім балалар үшін өткізуді де жоспарлап отыр. Қазір Әділжан жобаны одан ары жалғастырудың жолдарын ойласыруда. Бағдарламалаудың келесі курсы күзде ұйымдастырылады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева