Ұлы ақынның мерейтойы: Абай шығармалар жинағы жарық көрді

Ұлы ақынның мерейтойы: Абай шығармалар жинағы жарық көрді

Абайдың 175 жылдығына орай 10 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Жинаққа енген ұлы ақынның өлеңдері мен прозалары орыс, ағылшын, француз, неміс тілдеріне тәржімаланған. Аударма авторларының айтуынша, оқырмандар бұл кітапты оқи отыра Абай философиясын, оның өз халқына шын жүректен қамқор бола білгенін, оның рухани тұрғыда байлығын түсінуге мүмкіндік береді. ХХІ ғасырда ойшылдың идеялары бүкіл адамзат үшін өзекті болып қала беретініне күмән жоқ.

«Абай туралы сөз» жинағының тоғызыншы томы біртуар тұлға туралы әйгілі ақындар, жазушылар, ғалымдар, көптеген елдердің дін басшыларының ойларымен толыққан. Бұл – Абай әлемінің бүкіл адамзат үшін ортақ рухани құндылық екендігінің айқын дәлелі.

«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы! Халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып ,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр», - деген еді Мұхтар Әуезов. Айта кетейік, бұл цитата жинақтың 9-томына да енген.

Алдағы уақытта Абайдың халықаралық клубы философтың еңбектерінің факсимилелерін жариялауды жоспарлап отыр.