Коронавируспен күрес майданындағы батырлар: елорда көшелеріне дәрігерлердің суреттері бар билбордтар орнатылды

Коронавируспен күрес майданындағы батырлар: елорда көшелеріне дәрігерлердің суреттері бар билбордтар орнатылды

Коронавируспен күрестің алдынғы шебінде жүрген ақ халатты абзал жандардың суреттерін елорда көшелерінен көруге болады. Бұл туралы  әкімдіктің ресми сайты хабарлады. Билбордтарда Тұрсын Раида, Дәурен Молдажанов, Марина Макиенко, Ғайса Нұрғалиев, Жазира Нубина сынды 40-тан астам дәрігердің жүздерін көруге болады, дейді акцияны ұйымдастырушылар. Осылайша, олар дәрігерлерге қажырлы еңбегі мен індетпен күресте өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді.

Жалпы, COVID-19 инфекциясымен күреске шамамен бес мың дәрігер тартылған.

«Бүгінгі таңда біздің дәрігерлердің адалдығы мен кәсібилігін бағаламау мүмкін емес. Бірнеше айдан бері ақ халаттылар коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарда жүр. Олар бірнеше апта бойы отбасы мен достарынан жырақта, балаларын, әйелі мен күйеуін, әкесі мен анасын көрмейді. Сонымен қатар, олар аурудың азабын тартып жатқан отандастарымен күнделікті бетпе-бет келіп, адам өмірі үшін күреседі. Біздің дәрігерлердің жанқияр еңбегінің арқасында көптеген адамдар үйге анасына, әкесіне, әйелі мен күйеуіне қайта оралды. Мемлекет дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, барша халық үлкен ризашылық білдіреді», - делінген әкімдіктің ресми парақшасында.

 

Фото: baigenews.kz