Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың алғыс» қайырымдылық акциясын өткізеді

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың алғыс» қайырымдылық акциясын өткізеді

Қазақстан халқы Ассамблеясы айт күндері республикалық деңгейде «Мың алғыс» қайырымдылық акциясын қолға алмақ. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстар бірлігінің нышанына айналған әлеуметтік институттың барлық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктер коронавируспен күресіп, алғы шепте жұмыс атқарып жүрген ақ халаты абзал жандарға және олардың отбасына көмек көрсетіп, ризашылық білдіреді.

«Барлық мұсылман қауымы мен қазақстандықтар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесінде кембағалдарға қамқорлық пен қолдау көрсетіліп, ізгі амалдар жасалады. Ұлық мейрам - бауырластық, қайырымдылық пен қамқорлықтанытуға үндейді. Ауызбіршілік пен келісімге шақырады. Елдің ынтымақ-бірлігін күшейтіп, татулықты туеткен түрлі этностарды біртұтастыққа жұмылдырады, конфессияаралық қатынастарды нығайтады. Құрбан айт әрбір шаңыраққа ырыс-құт, бақ-береке, аман-саулық  ала келсін!», - делінген ҚХА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: assembly.kz