Қазақстанда қысқа метражды фильмдер фестивалі өтеді

Қазақстанда қысқа метражды фильмдер фестивалі өтеді

Қазақстанда екінші рет «Mobile Blockbuster Film festival» атты қысқаметражды фильмдер байқауы өтеді. Атауы айтып тұрғандай, қысқа да нұсқа фильм ұялы телефон камерасына түсірілуі керек. Биылғы фестивальдің тақырыбы: «Уақыт машинасы». Жоба жетекшілері қатысушыларды көрсету формасы, сюжеті және фильмдерінің жанры бойынша шектемейді. Ең бастысы, қысқа метражды жұмыстар таңдалған тақырыпқа сәйкес болса және аса креативтілікпен ойластырылса жеткілікті.

«Бұл байқау біз барлығымыз карантин жағдайында болғанымызға қарамастан, ең батыл деген ойларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Меніңше бұл фестиваль қазақстандықтарды шабыттандырады және олардың әлеуетін жасампаз арнаға бағыттауға көмектеседі», – дейді режиссер Асқар Ұзабаев.

Фильм ең аз дегенде - бір минут, ал ең көп дегенде -12 минутқа созылуы тиіс. Үздік жұмыстың авторы бас жүлдеге смартфон алады.

Сондай-ақ, фестиваль аясында екі ай бойы апта сайын онлайн форматта Қазақстан мен Ресейдің танымал кинематографистерінің тегін шеберлік сабақтары өтеді.

«Бүгінде біздің жоба халықаралық кинофестивальдердің каталогына енді. Сондықтан сіздерден қызықты фильмдерді асыға күтеміз», - деді байқау продюсері Олеся Колесниченко.

Фильмдерді қабылдау 15 тамыздан бастап 15 қазанға дейін жалғасады.

 

Фото: businessfm.kz