Коронавируспен күрес майданында жүргендерге тағзым: елордада ескерткіш орнатылады

Коронавируспен күрес майданында жүргендерге тағзым: елордада ескерткіш орнатылады

Еліміздің бас қаласында індетпен күрестің алдынғы шебінде жүрген мамандарға арналған ескерткіш бой көтереді. Жоба авторы, мүсінші – Ринат Әбенов. Ол өз туындысы арқылы қауіпті аймақта аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс білдіруді жөн көрген. Ескерткішті жасау идеясы кездейсоқ келген жоқ дейді ол. Себебі, бүгінгі таңда әлемде түрлі кәсіп өкілдері COVID-19 пандемиясымен күресуде.

«Мен мұнда жоғары горельефте аллегориялық жеті фигураны, коронавируспен күресте алдынғы қатарда жүрген маман иелерін көрсеттім. Мұнда полицейлер, дәрігерлер, әскери қызметкерлер, ғалымдар бар. Мына жерде олар дәрі-дәрмек жасап жатса, мында полицейлер, БАҚ өкілдері мен еріктілер де назардан тыс қалмады», - дейді автор.

Қоладан құйылып, биіктігі 10 метр болатын көп фигуралы композиция мемлекеттік комиссия қарауында. Нәтижелер жарияланғаннан кейін мүсін Уәлиханов пен Бараев көшелерінің қиылысына орнатылады.

 

Фото: 24.kz