Пандемия кезінде еріктілер белсенділік танытып жатыр

Пандемия кезінде еріктілер белсенділік танытып жатыр

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Пандемия кезінде елдің игілігі мен ұлт саулығының қамында қатерлі індетке қарсы жұмыла білген еріктілер қатары артып келеді. Бұл орайда ел жастары белсенді. Күрделі уақытта тек елордада волонтерлер қозғалысына 700-ге тарта адам тартылған. Олардың қолға алған игі істері жөнінде арнамызға сұхбат берген. «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» Жастар қанаты Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Бақдаулет Жанділдаев айтып берді.

«Күнделікті өз көлігімен тасымалдау қызметін тегін жасауға ниет танытатын автоволонтерлер көбейіп келеді. Моральдық тұрғыда демеу жасау үшін психологиялық онлайн курстар ашып жатқан еріктілер бар. Олардың бәрі де тегін. Әлеуметтік дүкендер ашып, азық-түлік, киімешек сынды аз қамтылған отбасылар мұқтаж болып жатқан заттар жинастырып үлестіремін дейтін еріктілер күн сайын қатарымызға қосылып жатыр. Бұның бәрі қанымызға сіңген қасиет. Әрбірі өз үлесін қосқысы келеді», - дейді Бақдаулет Жанділдаев.  

Төтенше жағдай жарияланғалы елорда волонтерлері «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан бөлінген 2 миллион медициналық бетпердені тегін таратқан. Яғни, 40 мың отбасыға бір реттік 50 данадан үлестірілді. Қорғаныс заттарымен қамтылды. Әлеуметтік аз қамтылған 7400-ге тарта отбасыға азық-түлік себеті жеткізілді. Адамдар көп шоғырланатын орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұл игі істер әлі де жалғасып келеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: astana.gov.kz