Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жарық пен интернет үшін шығынын жұмыс беруші төлейді

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жарық пен интернет үшін шығынын жұмыс беруші төлейді

Жұмыс беруші қашықтан еңбек ететін қызметкерлерін қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керек. Бұл жөнінде ОКҚ өткен онлайн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев мәлім етті. 

«Еңбек кодексіне түзетулер енгізіліп, оның 138-бабының 2-ші тармағында «жұмыс беруші қашықтан еңбек ететін қызметкерлерін қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керектігі» жазылған. Егер қызметкер өзінің байланыс құралдарын пайдаланатын болса, онда жұмыс берушілер сол агрегатқа керекті қосымша құрылғылардың бәрін беруі тиіс. Жұмыс беруші интернет үшін де, электр жарығы үшін де төлеуі керек. Бұл мәселенің бәрі тараптардың келісуімен шешіледі», - деді Мұхтар Тінікеев.

 

Фото: freepik.com