Қазақстандықтар арасында кино сценарийіне байқау жарияланды

«Хабар» Агенттігі «Мен кіндік қаным тамған отаным мен жерлестерімді не үшін жақсы көремін» тақырыбын ашатын «ойдан құралмаған оқиғалар» байқауын жариялайды. Бұл бүгінгі күннің батырларын  қарапайым жандар мен талай тағдырларды таныстыратын жоба. Байқау шарттары бойынша оған барлық қазақстандықтар қатыса алады. Басты шарты - оқиға кейіпкері бүгінгі күні арамызда жүрген замандасымыз болуы керек.

«Егер айналаңызда өзіңізді таңдандыратын, шабыт бере отырып, ынтаңызды оятатын жандар жүрсе – олар туралы жазып, бізбен бөлісіңіз! Бәлкім сіз таңқаларлық оқиғаға тап болған шығарсыз? Өзіңіз біреуге көмектесіп, болмаса басқаның мейіріміне бөлендіңіз бе? Айтып берсеңіз! Бізге әлемнің түпкір-түпкірінен  жазуға болады! Бастысы, сіз жазған оқиға көзі тірі қазақстандық замандасымыз туралы болсын. Аталмыш байқауды Қазақстаннның 14 облысы мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан сынды үш ірі қалаларда өткіземіз», - дейді байқау ұйымдастырушылары.

Көркем телехикаяға енетін кинотуынды сценарийінің негізіне дәл Сіз жазған оқиға алынуы әбден мүмкін!

Өзіміздің арамызда жүрген бүгінгі заманның қаһарманы туралы оқиғамен бөлісу үшін бар мәліметті love.we.kz2020@gmail.com электронды мекенжайға жіберуге болады. Немесе www.lovewe.kz/ru/ сайтындағы үлгіні толтыру қажет.

 

 Фото: tvkinoradio.ru