17 шілдеде 42500 теңге төлеміне өтінім қабылдау басталады

17 шілдеде 42500 теңге төлеміне өтінім қабылдау басталады

Бүгін еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бір реттік жәрдемақы берілетін санаттарды жариялады. Оның айтуынша, бұл төлем жұмыс істеп жүрген және карантиннің күшейтілген шараларына қатысты табысынан айырылғандарға төленеді. 42500 теңге төлемін тағайындауға өтінімдерді қабылдау шілденің 17-сі басталады.

«Бұл жерде өтінішті тек жұмыс беруші жібереді. Жұмыс берушілерге қойылатын бір ғана шарт – олардың жұмысы карантинде тоқтап қалса ғана беріледі. Оны жергілікті аудан, қала бойынша штаттар, Атамекен ҰКП өңірлік өкілдері тексереді. Себебі, қазіргі шектеу шаралары жеңілдеу болғанымен, әр өңірде бас санитарлық дәрігерлер өз шектеулерін қойып жатыр», - деді министр.

Екіншіден, кезекті карантинде жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдарға 42500 теңге төленеді. Оны аудандық, қалалық арнайы штаб пен салық комитетінің өкілдері белгілейтін болады. Үшіншіден, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша жұмыс істеп жүрген фрилансер өтінішті өздері береді, деді Біржан Нұрымбетов.

«Бұл өтініштер штаб арқылы өтпейді, тікелей жіберіледі. Бұл кісілерге бір шарт – осы 2020 жылы 6 айдың ішінде бір рет болса да зейнетақы жарналарының аударылуы. Бұл қатарға кәсіпкерлікпен ай сайын тұрақты түрде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеп жүрген кәсіпкерлер де кіреді. Соңғы санат – өз бетінше жұмыс істеп жүргендерге 42500 теңгені алуға болады. Бұл жолғы өзгеріс – өткендегідей БЖТ төлеудің қажеті жоқ, төтенше жағдай кезінде төледіңіздер, біз соны ескереміз», - деді министр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: tengrinews.kz