Қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқиды

Қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқиды

1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы барлық мектептер бірінші тоқсанды қашықтан оқитын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, басты басымдық – балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығына беріліп отыр.

«Біз ұшін ең басты мәселе балалар мен педагогтардың қаіпсіздігі мен денсаулығы. Қазір өздеріңіз көріп отырғандай ахуал қиын. ДСМ мәліметі бойынша қыркүйек айларында, күз айларында жылда болатын ЖРВИ аурулары қайта өршуі мүмкін. Осы жағдайларды ескеріп, біз осындай шешімге келдік», - деді министр оқу процесін ұйымдастыру туралы онлайн брифингте.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, шалғайдағы шағын мектептердегі бала саны дәстүрлі оқыту тәсілін қалдыруға  мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша, ахуал жақсарған жағдайда, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істейтін болады. Ол үшін балалардың дене қызуын өлшеп қабылдау, әртүрлі уақыттағы үзіліс, ауаны тазарту, кварцтау және ылғалды тазалау жұмыстары қатаң орындалуы шарт.

«Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін оқытуды ауысымға және 10-15 бала санынан аспайтын топтарға бөлу, мектепте оқу күндерін алмастыра оқыту қарастырылып отыр. Десе де, бұл балалар үшін пәндердің бір бөлігі қашықтан оқытылады», - деді министр.

Қашықтан білім беру – технологияға тәуелді. 20 шілдеден бастап еңбек демалысынан шығатын педагогтарды ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Олар балалаларға қашықтан білім беру әдістерін меңгеріп, техникалық біліктіліктерін жетілдіруге кіріседі. Сонымен қатар телесабақтар түсіру жұмыстары да жүргізіп жатыр. Білім министрі компьютерлердің жетістеушілігіне қатысты біршама мәселе туындап отырғанын жасырған жоқ. Қазір елімізде  405 мың компьютер бар, бірақ көбісі ескірген. Жалпы 21 балаға 1 компьютерден келеді, біздің алдымызда тұрған міндет: кем дегенде 5 балаға біреуден жеткізуіміз керек деді Асхат Аймағамбетов.

«Жергілікті әкімдіктердің бірінші кезектегі  сұрағы да  компьютерлерді жаңарту бойынша түседі. Бұл бағытта жұмыс қарқынды жасалып жатыр.  Қазір 36 мың жаңа компьютер  сатып алынды. Жаңа оқу жылында бұл жұмыс жалғасады. Дүниежүзілік банктен алынған заем қаржыландыру жосапры бойынша келесі жылдың бюджетіне қарастырылған. Бірақ біз қазір тиісті ұсыныс беріп, қаржы министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз: біздің ұсыныс ол қаржыны биылға жылжытып, осы компьютерлерді алуға жұмыс жасау», - деді министр.

Сондай-ақ жаңа оқу жылында студенттер қауымы да қашықтан оқуын жалғастырады. ЖОО мен колледждерге келуге тек жекелеген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

«Жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін болады. Шалғайда орналасқан колледждерде аз контингентімен санитарлық режимді нығайта отырып өткізіледі»,- деді ведомство басшысы.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, алдағы уақытта халықтың вирус жұқтыру  деңгейі тұрақты төмендейтін болса мектептерді біртіндеп  аралас оқыту және штаттық форматта оқытуға  көшіру мәселесі қарастырылатын болады.

Айта кетейік, 1 тоқсанды қашықтан оқыту мәселесіне қатысты Денсаулық сақтау минисрлігі де өз ұсынымын білдірген болатын. ДСМ дерегі бойынша , қазіргі уақытта елде 60 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған болса,  оның 1700-і – балалар. Осыған байланысты министр Алексей Цой: «Мектепте дәстүрлі оқытуды бастау – балалар арасында ауру жұқтыру деңгейін арттырып, вирустың мектептен тыс та таралуына жол ашуы мүмкін» екенін айтты.

 

Фото: baigenews.kz