Шілдеде 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы кімдерге төленеді?

Шілдеде 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы кімдерге төленеді?

Жәрдемақы карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмыссыз қалған азаматтарға төленеді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер Министр  Асқар Мамин мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі», - деді үкімет басшысы.

Сонымен қатар премьер-министр еңбек министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.  Атаулы әлеуметтік көмек 128 мыңға жуық отбасына тағайындалады.

Ал мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі карантин кезеңіне тап келген адамдардың (шамамен 30 мың адам) дәрежесі үш айға автоматты түрде ұзартылады.
Айта кетейік, бұған дейін мұндай жәрдемақы ТЖ режимі тұсында 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында төленген болатын.

 

Фото: finance.kz