ҚМДБ: жаназа намазына қатысқанда ережені сақтау қажет

ҚМДБ: жаназа намазына қатысқанда ережені сақтау қажет

«Сақтансаң – сақтаймын!». Төрткүл әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлық таныту өзіміз үшін ғана емес жақындарымыздың өміріне де қауіпті. Осы орайда, ОКҚ брифинг барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаназа намазы мен құдайы асқа қатысқанда қандай ережені сақтау қажеттігін жария етті.

«Бірінші жаназа намазына қатысты талаптарды орындауға: жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысуына; жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуына; жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмауға; бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспауына; жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды, атап айтқанда бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық сақтауға шақырады», - деді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров.

Брифинг барысында індеттен қайтыс болған мәйітті жуу дәрігердің нұсқаулығына сай орындалуы керектігі де айтылды. Одан бөлек, жаназа намазы мен уағыз уақытын 5 минуттан асырмау, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар және жас балалар жаназа намаздарына қатыспауы тиіс екендігі айтылды. Сондай-ақ, жаназадан кейінгі асты өткізбеу немесе отбасы мүшелерімен ғана шектелу керек,- деді наиб мүфти.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: azan.kz