«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық онлайн конференциясы өтті

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық онлайн конференциясы өтті

Мемлекеттік тіл халықты топтастырушы факторға айналып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық онлайн конференцияға қатысушылар осындай пікір айтты. Мұны былтыр Елбасы бастамасымен өткен «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумында қазақ тілін ана тіліндей меңгерген түрлі этнос өкілдерінің аз еместігі, ел өңірлерінде қолға алынған «Мың бала» тіл үйрету жобасының алғашқы қорытындылары дәлелдеп отыр, деп мәлім етті ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Алмасұлы Әзілханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне жарияланған сұхбатында халқымыз үшін өзекті мәселелер көтерілгенін атап өтті.

«Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне жарияланған сұхбатында халқымыз үшін көкейтесті мәселелер көтерілген. Соның ішінде қазақ тілін ұлтаралық тіл деңгейіне көтеру мәселесі сөз болды. Мемлекеттік тіл – халықты топтастырушы фактор» деген ұғымның қоғамдық санада нық орнығуын насихаттау ісінде де осылай болады деп ойлауға негіз бар», деп мәлім етті Марат Әзілханов.