Археологтар жүргізген қазба жұмыстары олжалы болуда

Археологтар жүргізген қазба жұмыстары олжалы болуда

Археологтар үшін биыл маусым олжалы болмақ. Бұл туралы ғалымдардың тапқан көне жәдіргерлерінің көптігіне қарап айтуға болады. Бүгінгі таңда Ұлы Дала өркениеттерінің құпиялары бүкіл Қазақстан бойынша табылуда.

 

Қаңлы мемлекеті дәуірінің жазба нұсқасының толық үлгісі – Дүниежүзілік олжа

Қазақстанда алғаш рет көне жазудың толық үлгісі Түркістан аймағында Күлтөбе елді мекенінен табылды. 2 мың жылдық тарихы бар жәдігер - үш бөліктен тұратын сазды кірпіш. Онда ежелгі арамикалық алфавиттің 218 таңбасынан тұратын жеті жол жазылған. Кембридж университетінің профессоры Николас Симс-Уильямс палеолингвисттер үшін үлкен олжаның жартылай құпиясын ашып та қойды.

«Оқылып үлгерген жерінде Сападани есімді Чач әскерінің қолбасшысының қала құруы жөнінде айтылған.  Ол бағбандықпен айналысқан көшпенділер жерінде шаһар тұрғызу үшін келген. Сондай-ақ, сол кезеңнің орталықтарына айналған Самарқан, Бұхара, Керш, Нохшеба, Чача сынды қалалардың билеушілерінің тізімі келтірілген. Бұған қоса осы жерде көшбасшылардың бірі өлтірілгені, қазынаның болғаны оның кейін бас билеушінің қолына өткені жазылған», - дейді ҚР орталық мемлекеттік музейі экспедициясының жетекшісі Александр Подушкин.

Археологтардың пайымдауынша, бұл бүкіләлемдік жаңалық, сондықтан 30 жылдан кейін алғаш рет олар толық мәтінді таба алды. Жазу ежелгі Иран диалектісінде жасалды, оны ғалымдар көне соғды немесе қаңлы тілдері деп атайды, өйткені қала біздің дәуіріміздегі бірінші ғасырларда Қаңлы мемлекеті кезінде құрылған. Жазуды ғалымдар кішкене бөлменің қабырғасынан тапқан.

 «Қазіргі қазақстандықтардың мемлекеттілігі мен этногенезінің басталуы Қаңлы мемлекеті ұсынған қуатты өркениет алаңымен, оның мәдени орталықтарымен, материалдық және рухани мәдениетімен осы жазуымен байланысты. Сондықтан бұл үзінді ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерімен мақтануға мүмкіндік береді. Мұның бәрі «Рухани Жанғыру» бағдарламасымен тікелей байланысты»,- деді профессор Александр Подушкин.

Фото: inform.kz

Ақкезең қорғандары ерте қола дәуірінде дала өркениетінің пайда болуын дәлелдейді

Ал, Қарағанды ​​облысындағы зерттеушілердің тапқан заттары одан әрі ғасырлар тереңіне үңілте түседі. Облыста Талды тарихи-археологиялық саябағын құру аясында Ақкезең қорғаны зерттелуде. Бұл ерте темір дәуіріне жататын Қазақстандағы ең ірі елді мекендердің бірі болып табылады. Мұнда визуалды түрде 85-ке жуық тас ғимараттардың қалдықтарын көруге болады. Өткен жылы мұнда тастан жасалған ғибадатханада  қазба жұмыстары жүргізілген еді. Биылғы маусым сәтті басталды. Ғалымдар металл өңдеу шеберханасын ашып, құю пешін тапты.

Фото: 24.kz

Торғай даласында сақ бекзадаларының қорымы табылды

Ал Қостанай облысының Торғай даласынан сақ дәуіріне жататын алтын бұйымды адамның қорымы табылды. Ғалымдардардың айтуынша, қос өзен, САба мен Торғай өзендері тоғысып, жазық пен тау сілемдері түйіскен жер – көне сақ тайпаларының қорымы болғанға ұқсайды. Осы жерде 20 шақты обаның орны бар. Археологтар мұндай көне жәдігер өлкеде алғаш рет кездесіп отыр дейді. Тек әшекейлер ғана емес, киімдерінің өзі өте ұсақ алтын моншақтармен безендірілген. Бұйымдардың жасалуы да өте күрделі. Бұл сақ зергерлерінің шеберлігін, алтынды өндіру мен өңдеуді қаншалықты терең меңгергендігін көрсетеді. Ең бастысы әр зат өлкенің көне замандағы тарихынан құнды деректер жеткізіп тұр.  Сақ тайпаларының ежелгі қорғандары Арқалықтан 80 шақырым жерде табылған. Ғалымдар қорымдардың біздің дәуірімізге дейінгі 7-6 ғасырларға жататындығын анықтады.

«Қазба жұмыстары 2017 жылы басталған еді. Соңғы төрт жылда тарих тереңіне үңілдік десек те болады.  Бұл қорымдардың әлем  тарихы үшін маңыздылығын дәлелдей алдық. Осыған дейін 16 жерлеу орны бар көмбе табылған жер болды. Сақтардың жай ғана тайпа емес, элиталық ескерткіштері бар  жоғары мәдениет екенін дәлелдей түстік»,- дейді ҚР ұлттық музейінің ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ақан Оңғарұлы.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: liter.kz