Қазақстанда атқарушылық іс жүргізу бойынша мобильді қосымша әзірленуде

Қазақстанда атқарушылық іс жүргізу бойынша мобильді қосымша әзірленуде
Қазақстанда сот актілерінің орындалуы жеделдетіледі.  Осы мақсатта елімізде атқарушылық  іс жүргізу бойынша мобильді қосымша әзірленуде. Бұл туралы халыққа кезекті есеп беру кездесуі барысында Әділет министрі Марат Бекетаев айтты. Министр атап өткендей, бүгінгі күні атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту мақсатында екінші деңгейлі он төрт банктің мәліметтер базасымен шоғырландырылды.
 
«Енді сот орындаушылары онлайн режимде қаржы институттарында ауыртпалықтарды жедел жүктеп, алып тастай алады. Сонымен қатар нотариустардың атқарушылық жазбаларын электронды форматта алуға мүмкіндік беретін «Е-нотариат» ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл іске қосылды», - деді Марат Бекетаев.
 
Сондай-ақ, өнеркәсіптік пайдалануға «СМС-хабарлама» сервисі іске қосылды.

Енді, нөмірлер тіркелген жағдайда борышкерлердің телефондарына іс қозғау және ол бойынша қабылданған іс жүргізу әрекеттері туралы ақпарат бар СМС келіп түсетін болады.
 
Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің  мобильдік қосымшасын әзірлеу жоспарлануда. Ол  атқарушылық әрекеттерді кабинеттен тыс жасауға, іс жүргізу тараптарының іс жүргізу құжаттарымен танысуға, қолданылған шаралар мәртебесінің өзгеруіне, санкция алуды жеделдетуге, атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті шаралардың автоматты алынуымен төлеуге мүмкіндік береді, - деді әділет министрі.
 
Сонымен қатар ведомство  басшысы шілде айынан бастап республика бойынша кепілді электронды тіркеу іске қосылатынын атап өтті. Бұл өзара іс-қимыл шеңберінде жылжымайтын мүлік иесінің құжаттарды тапсыру үшін ХҚКО-ға жүгінуінің қажеті жоқ, өйткені тіркеу үшін кепіл туралы мәліметтерді банктер тіркеуші органға электрондық форматта дербес жіберуге мүмкіндік  береді. Тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
 
 
Фото: inbusiness.kz