Алакөлге қалай жетуге болады?

Алакөлге қалай жетуге болады?

Биыл Алакөлдің жағалауында демалушылардың қатары күрт артады деп күтілуде. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ағылған адамдардың айдын көл орналасқан аймаққа жайлы жетуін қамтамасыз ету үшін қосымша жолаушы пойыздары іске қосылды.

Осылайша, 2020 жылдың 18 маусымынан Алакөл бағытында қатынайтын № 257/258 «Нұр-Сұлтан 1 – Достық » және с 19 маусымнан  №453/454 «Алматы-2 – Достық» темір жол көліктеріне билеттер сатылымға шығарылады. 

Ұлттық тасымалдаушының айтуынша, жолаушылар билеттерді веб-сайттан мобильді қосымшаның, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтарының көмегімен, темір жол билеттерін сату кассаларынан немесе сату кеңселерінің сайттарында рәсімдей алады.

Алакөл бағытында қатынайтын пойыздардың тізімі:

1) 2020 жылдың 2 маусымынан бастап «Алматы-1 – Достық» бағытында №22-6941/6942-21 құрамындағы қайта отырғызусыз вагондары күнара жиілікпен жүре бастады.

2)  2020 жылдың 2 маусымынан бастап «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» бағытында №122-6941/6942-121 құрамындағы қайта отырғызусыз вагондары.

3) 2020 жылдың 11 маусымынан «Өскемен-Шар-Достық» бағытында №459-6941/6942-460 пойыз күнара жиілікпен қатынайды. 

4) 2020 жылдың 12 маусымынан бастап «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Достық бағытында жүретін №54/53 жолаушылар тасымалы құрамы аптасына екі рет қатынайды.

5) 2020 жылдың 14 маусымынан №255/256 «Алматы 2 – Достық» бағытындағы темір жол құрамы аптасына үш мәрте жүреді.

6) 2020 жылдың 18 маусымынан бастап «Нұр-Сұлтан1-Достық» бағытындағы пойыз аптасына екі рет жүреді.

7) 2020 жылдың 20 маусымынан бастап «Алматы-2 – Достық» бағытындағы №453/454 жолаушылар пойызы аптасына үш рет қатынайды.

8) №6941/6942 «Актогай-Достык» қалааралық бағыт күнара жүретін болады.

Алакөл жағалауына ұшақпен жету мүмкіндігі де бар. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, туристік рейстердің барлығы субсидияланады.

«Әуе компаниясының өтінімі бойынша қыркүйек пен қазан айларында жиіліктің азаюын ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға аптасына қосымша 7 рейске көшіру мәселесі қарастырылуда», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Атап айтқанда, Алакөл бағытында келесі әуе қатынастары орындалады.

1) Сыйымдылығы 50 адамдық «Bombardier CRJ200» типті әуе кемесімен орындалады:

- Нұр–Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан маршрутымен биылғы 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір бағытқа тасымалдау тарифі - 16 000 теңге.

- Алматы - Үшарал - Алматы маршрутымен 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Бір бағытқа билет құны - 10 000 теңге.

2) Сыйымдылығы 50 адамға шақталған «АН-24» ұшағымен келесі рейстер орындалады:

- Алматы – Үржар - Алматы маршрутымен биылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір бағытқа тасымалдау тарифі - 14 000 теңге.

- Нұр-Сұлтан – Үржар - Нұр-Сұлтан бағытында 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір бағытқа тасымалдау тарифі - 16 000 теңге.

«Сондай–ақ министрлік 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін Алматы-Жезқазған-Алматы, Нұр-Сұлтан - Балқаш - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан бағыттарында қосымша рейстерді шілде айынан бастап іске қосу мәселесін пысықтауда», - делінген ақпаратта.

 

Фото: express-k.kz