Сәні мен салтанаты келіскен елорда: туристер көзімен

Сәні мен салтанаты келіскен елорда: туристер көзімен

Нұр-Сұлтан қаласында қандай тарихи-мәдени ескерткіштер бар? Елорда тұрғындары мен қонақтары ең көп баратын жерлер қандай? Елорда күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты елордадағы ең көрнекті орындарды анықтады. Елорданың ерекшелігіне айналған және адамдарды магнит сияқты тартатын символдық орындарының бірі – Бәйтерек болып шықты.

«Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең қолайлы жер – монументалды өнер ескерткіштері орнатылған саябақтар. Сондай-ақ «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, ЭКСПО ауданы және т.б. ерекше орындар», – дейді «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» МКҚК директоры Нарима Мұхамбеталина.

Туристер арасында тартымды орындардың  біріне «Нұр Әлем» болашақ энергиясы мұражайы кірді. Қонақтар осы ғимараттың заманауилығын, бірегейлігін атап өткен. Аталған жерлерден басқа жоғары бағаланатын көрнекті орындар қатарына Нұр Жол бульвары, Ұлттық музей, Астана Опера театры, Қазақ елі монументі және Хан Шатыр кірді.

Нарима Абылқызының айтуынша, елордада мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енетін 46 тарихи-мәдени нысан бар. Оның ішінде сәулеттік ескерткіштер – 34, археология ескерткіші -12. Оның үшеуі республикалық маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштер қатарына қосылған. Оларда мемлекет қорғауына алынғаны туралы арнайы белгі орнатылған. Сонымен қатар ескертікшті нені білдіретіні жайлы 6 тілде ақпарат беретін QR кодтары бар.

Бас қаланың көрікті жерлерін тамашалауға Ресей, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Украина, Польша, Жаңа Зеландия, Мексика және АҚШ-тан саяхатшылар келеді.

 

Фото: tripadvisor.ru