Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 41 пайызға өсті

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 41 пайызға өсті

Еліміздегі мұғалімдердің жалақысы 41 пайызға өсті. Мұндай деректерді Ranking.kz келтіріп отыр.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, өзге аймақтарға қарағанда елорда білім беру саласының қызметкерлеріне көбірек жалақы төленеді. Бұл орташа есеппен алғанда 260 мыңға тең. Айта кетейік, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есе жоғары.

Ал Алматы және Алматы облысының ұстаздарының жалақылары астаналық мұғалімдердікіне қарағанда сәл азырақ. Басылымның хабарлауынша, ең төменгі жалақы - Батыс Қазақстан облысының ұстаздарында. Олар ай сайын орташа есеппен 134,6 мың теңге жалақы алады екен.

Жалпы алғанда елімізде білім саласында  1,1 млн-нан астам қазақстандық жұмыс істейді, олардың 74%  әйел адамдар. Яғни, 4 мұғалімнің 3-і, нәзік жандылар.

Жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі Түркістан облысында тіркелген. Үздік үштік қатарына Алматы облысы мен Алматы қаласы еніп отыр.

Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстанда білім беру саласына 212 миллиардтан астам теңге жұмсалды.

 

Фото: neonomad.kz